2026 жылғы 6–16 қараша аралығында Моңғолияның Өлгей қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеде спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
🥇 Абай Аяна – классика түрінен 1-орын
🥈 Жарқынбек Әйгерім – классика түрінен 2-орын
🥇 Жарқынбек Әйгерім – рапид түрінен 1-орын
🥈 Абай Аяна – рапид түрінен 2-орын
Спортшыларымыз халықаралық аренада шеберліктерін дәлелдеп, Қазақстанның намысын абыроймен қорғады. Бұл – жүйелі дайындықтың, табанды еңбектің және жеңіске деген жігердің нәтижесі!
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, жаттықтырушыларды және қолдау көрсеткен барша жанды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен биік жеңістер тілейміз!



