Түркияның Амасья қаласында өткен тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатында клубымыздың спортшысы Нұржанұлы Мейірлан жоғары шеберлік пен табандылық танытып, әлем чемпионы атанды!
Бұл – спортшымыздың қажырлы еңбегі, үздіксіз дайындығы, стратегиялық ойлау қабілеті мен жеңіске деген жігерінің жарқын нәтижесі. Мейірлан халықаралық аренада Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, клубымыздың мерейін асқақтатып, тарихи жетістікке қол жеткізді!
🥇 Әлем чемпионы атанған Мейірланды шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіне, спорттық жолында толағай табыстар мен жаңа жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!
Жарайсың, Мейірлан!
Жеңісің құтты болсын!



