Ахметғали Әділет Азия ойындарының қола жүлдегері

ЖҮЛДЕГЕРІМІЗДІ ҚАРСЫ АЛДЫҚ!

Қазақстан құрамасының сапында ел намысын абыроймен қорғаған Ахметғали Әділет елге жеңіспен оралды!

🥉 Кураш күресінен ХХ Азия ойындарының қола жүлдегері!

Халықаралық додада лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орыннан көрінген спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Бұл жетістік — спортшының қажырлы еңбегі мен табандылығының, жаттықтырушылардың кәсіби дайындығының нәтижесі.

Ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстанның көк Туын биікте желбірете бер!