Алматы қаласы – қола жүлдегер!
Көкпар – ерлік пен ержүректіліктің, батылдық пен бірліктің белгісі!
2026 жылдың 8–15 қараша күндері Түркістан қаласында жасөспірімдер арасында көкпардан өткен Қазақстан Республикасының XIV чемпионатында Алматы қаласының командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді! 🥉
Жарыс барысында спортшыларымыз жоғары шеберлік пен қайсар мінез танытып, Алматы қаласының намысын абыроймен қорғады!
ЖЕКЕ НОМИНАЦИЯЛАР:
Жексенбі Ержігіт – «Үздік палуан» атанды!
ЖАЛЫН – «Үздік жекпе-жек ат» номинациясының иегері! Ат иесі – Нұрбол Бимағанбетов.
ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР:
Бимағанбетов Нұрбол
Шаркабаев Ермұхан
Қанат Марлен
Бұл жеңіс – спортшылардың табанды еңбегі, жаттықтырушылардың кәсіби шеберлігі мен ортақ мақсат жолындағы бірліктің жемісі!
Жүлдегерлерімізді, жаттықтырушыларымызды және қолдау білдірген барша жанкүйерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Алға, Алматы! Алда әлі талай биік белестер мен жарқын жеңістер күтіп тұр!




