Таразы қаласында ересектер арасында кураш күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Елдің үздік балуандары жиналған дүбірлі додада Алматы қаласының «ҰАСТ» спорт клубының спортшылары жоғары шеберлік пен қайсарлық танытып, жеңіс тұғырынан көрінді.
🥇 66 кг — Біләл Болат
🥇 73 кг — Сағындықов Темірлан
🥇 81 кг — Ахметғали Әділет
🥉 +74 кг — Парагульгова Мадина
Чемпиондарымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін, алар асуларыңыз көп болсын! Алматы намысын абыроймен қорғап, ел мерейін асқақтатқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
Алға, «ҰАСТ» спорт клубы! 💪🔥




