Қырғыз Республикасының Талас қаласында Жеңіс күні мерекесіне орай теңге ілуден халықаралық турнир өтті. Аталған жарыста «ҰАСТ СК» спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
«Қос құлаш» Мырзағали Дарын 🥇 бірінші орынға, «Бес белес» Нұрсыдық Марлен 🥈 екінші орынға тұрақтады.
Спортшыларды құттықтаймыз!




