Ұлттық және ат спорты түрлері спорт клубының басшысы Ospanov Nurlan Ergeshuly, «Topjargan» этно-мәдени орталығының басшысы Tanatov Gabit Berdibayuly, ат үстіндегі рекордсмен Zhasuzak Ernar Galymjanuly, түйе үстінде рекорд орнатқан қазақ қызы Saydalina Dinara Beybitkyz бүгін арнайы Алғыс хаттарға ие болды.
Бұл марапат – ұлттық өнер мен дәстүрді дәріптеу жолындағы еңбегімізге берілген жоғары баға. Көрсетілген құрмет пен сенім үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да халқымыздың мәдени мұрасын насихаттап, ұлттық спорттың дамуына өз үлесімізді қоса береміз.




