
Алматы қаласы Спорт басқармасының «Ұлттық және ат спорты түрлері спорт клубы» МКҚК
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі №2/255 қаулысына сәйкес «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ашылды. 2024 жылғы 3 маусымнан бастап кәсіпорын өз қызметіне кірісті.
Негізгі мақсаты:
1) Алматы қаласында ұлттық спорт түрлерін дамыту, Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының құрама командаларының сапына кіре алатын жоғары білікті спортшыларды іріктеу және дайындау.
2) Білім беру мекемелеріне және басқа да ұйымдарға ұлттық спорт түрлері бойынша жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік және спорттық-бұқаралық көмек көрсету.
Спорт секциясына қалай жазылуға болады?
Сіз электронды спорт сайты арқылы тегін оқуға өтініш бере аласыз. Сайттағы қосымша ақпарат: Meteor-almaty.e-orda.kz
Сіз тек Бос орындар болған жағдайда ғана бөлімге өтініш бере аласыз.
балалар мен жасөспірімдерге арналған
ТЕГІН
орындар саны шектеулі














