
Аударыспақ
Салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады.

Бәйге
Ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Қазақстанда қабылданған ереже бойынша құнан бәйге 1200, 1500, 1600, 1800, 2000 м, дөнен бәйге 2400, 3000, 3200, 4000, 4800 м, ат бәйгесі 5000, 8000, 10000 м қашықтықтарда өткізіледі.

Жамбы ату
Қазақ, халқында кең тараған мергендік сынның, ат үстіндегі ойындардың бір түрі.Жарыс орны жергілікті жағдайға байланысты таңдап алынады. Жамбы атудан ірі жарыстар ипподромдарда өткізіледі.

Кокпар
Қазақстандағы ең белгілі ұлттық ойындардың бірі. Ат үстінде шабондоздар серкеге таласып оны тақымына қысып қазандыққа салу керек. Көкпар өте жылдам ойын, басынан соңына дейін жылдам темпте өтеді. Спортшылардан шыдамдылықты, ептілікті, батылдылықты және ат үстіндегі шеберлікке үйретеді.

Тенге
Қазақ халқының көне ойындарының бірі. Қазіргі уақытта ат спортындағы ұлттық ойындардың бірі. Ойын даладағы соғыс кезінде пайда болды. Жігеттер осы ойын арқылы соғыс кезінде әскери дайындықтан өтуіне ықпал еткен, аттың үстінде шауып келе жатып, жердегі қару жарақ және тағы басқа заттарды іліп әкетіп отырған.

Жекпе-жек
Қазақтың ұлттық әскери — жауынгерлік өнері. Бес қаруын бойында ұстаған батыр бабаларымыздың даңқты дәстүрі. Келешек ұрпақтың рухты болуының кепілі. Ел мен жерді қорғаудың, Отан қорғаудың озық тәсілі, дәстүрлі жүйесі. Жекпе-жек өнерінің дүние жүзінде сан түрлі атауы, ережесі, ерекшелігі бар.

Құсбегілік
Қазақ халқындағы өте ертеден келе жатқан спорттық өнер. Тарихи деректерге сенер болсақ, құсбегілік өнері бұдан үш мың жылдай бұрын пайда болған. Біздің дәуірімізге дейінгі ғасырлардан хабардар ететін тастағы ойма суретте құс ұстаған адамдар бейнеленген.

Казахская национальная борьба. Қазақ күресі-один из старейших видов спорта казахов. В современном Казахстане это боевое искусство пользуется большим спросом, а соревнования по қазақ күресі проводятся на праздниках и церемониях.
Қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді.

Асық ату
Ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген..

Тогызкумалак
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан.

Ат спорты
Конкур мен ұзындыққа секіру жарыстары 1900 жылғы Олимпиададан бастап өткізіліп келеді (1904 жылғы Сен-Лиус және 1908 жылғы Лондон ойындарын есепке алмағанда). 1912 жылы Стокгольмде үшсайыс пен ат үйрету ойын бағдарламасына еніп, секіру алынып тасталды.
Спорт секциясына қалай жазылуға болады?
Сіз электронды спорт сайты арқылы тегін оқуға өтініш бере аласыз. Сайттағы қосымша ақпарат: Meteor-almaty.e-orda.kz
Сіз тек Бос орындар болған жағдайда ғана бөлімге өтініш бере аласыз.
балалар мен жасөспірімдерге арналған
ТЕГІН
орындар саны шектеулі