Алматы қаласы Спорт басқармасының «Ұлттық және ат спорты түрлері спорт клубы» МКҚК туралы ақпарат

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі №2/255 қаулысына сәйкес, «Ұлттық және ат спорты түрлері спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылды. Кәсіпорын 2024 жылғы 3 маусымнан бастап өз қызметін бастады.

Клубтың негізгі міндеттері:

  1. Алматы қаласында ұлттық спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының құрама командаларына қосыла алатын жоғары білікті спортшыларды іріктеу және даярлау;
  2. Ұлттық спорт түрлері бойынша оқу орындары мен өзге де ұйымдарға әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыруда көмек көрсету;
  3. Қатысушылар арасында денсаулықты нығайтуға және жан-жақты физикалық дамуға бағытталған сауықтыру және тәрбиелік жұмыстарды ұлттық спорт түрлері арқылы жүргізу.

Клубтың негізгі мақсаттары:

  • Ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде дамыту;
  • Ұлттық спорт түрлерін халық арасында кеңінен насихаттау;
  • Ұлттық спорт арқылы халықтар арасындағы достық пен мәдени байланысты нығайту;
  • Қатысушыларды дене шынықтыру және ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Клубта дамытылатын спорт түрлері:

Клубта 9 ұлттық спорт түрі: тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, жекпе-жек, көкпар, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, құсбегілік, сондай-ақ 1 олимпиадалық спорт түрі — ат спорты дамытылуда.

Үздік спортшылар мен жетістіктері:

  • Жанатаев Ерасыл — қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегері, ересектер арасындағы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, «Дала Қырандары» рейтингтік турнирінің жеңімпазы, Қ. Мұнайтпасов атындағы Әлем кубогының жеңімпазы.
  • Еркінұлы Жігер — қазақ күресінен ҚР спорт шеберлігіне кандидат, Қ. Мұнайтпасов атындағы Әлем кубогының күміс жүлдегері.
  • Айтбаев Рахат — тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогының (блиц) күміс жүлдегері, ҚР чемпионы, Азия кубогының қола жүлдегері.
  • Дакен Елдар — тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері, жастар арасында Әлем кубогының (рапид) жеңімпазы және (блиц) күміс жүлдегері, Азия кубогының (блиц) жеңімпазы, ҚР чемпионы.
  • Жанабилов Ердәулет — тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері, Азия кубогының (блиц) қола жүлдегері, ҚР чемпионы.