2025 жылы Алматы қаласы спорт басқармасының» ҰАСТ СК « МКҚК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды
2025 жылға арналған Алматы қаласы спорт басқармасының «ҰАСТ СК» МКҚК — да (бұдан әрі — Клуб) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне (бұдан әрі-СЖТІТ) сәйкес, 2025 жылғы «25» сәуірдегі №01.1-01/06 басшысының бұйрығымен 02 мамырдан бастап 30 мамырға дейін кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Қызметті, оның ұйымдастырушылық – басқару қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына талдау жүргізу (оның ішінде қызмет бағыттары бойынша) (тексерілетін кезеңде кәсіпорынға қабылданған қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау);
— Клубтардың қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау:
- Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;
- (тәртіптік тәжірибе, рұқсат беру функцияларын іске асыру өзге де мәселелер) қызметі туралы ақпарат жинауды жүргізу.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2025 жылғы 10 мамырға дейін ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз ulttyksport2024@mail.ru байланыс нөмірі бойынша хабарласыңыз + 7 708 311 15 01, сондай—ақ мекенжайы: 050022, Алматы қ., Бостандық ауданы, Сәтпаев к-сі, 29/3, кабинет №43,50 (Орталық стадион).
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.